+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Петропавлда адам қаза тапқан жол апатында жүргізуші мас болған

2021 жылғы 20 қыркүйек 12:55
Бөлісіңіз:
Петропавлда адам қаза тапқан жол апатында жүргізуші мас болған

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бір адам мерт болған жол-көлік оқиғасында бағанға соғылған көлік жүргізушісі мас болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде соқтығысқан екі көліктің бірі жаяу жүргіншіні қағып кетті Қостанайда тасжолдағы апат: көліктегі баланы арнайы құралмен шығаруға тура келді СҚО-да меморгандардың қаражатты қандай мақсатқа негізсіз жұмсамақ болғаны анықталды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Toyota Avensis» көлігінің жүргізушісі 19 қыркүйек күні сағат 3.40 минут кеткенде рульге ие бола алмай қалып, бағдаршам бағанына соғылған болатын.

Салдарынан екі жолаушы жарақат алып, біреуі ауруханада көз жұмды. Медициналық куәландыру «Toyota Avensis» көлігінің жүргізушісінің мас болғанын көрсетті.

«Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 346 бабы 5 бөлігі бойынша енгізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - дейді СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сән Жұмағазина.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT