+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Петропавлда бір түнде рекордтық мөлшерде қар шығарылды

2021 жылғы 13 қаңтар 18:05
Бөлісіңіз:
Петропавлда бір түнде рекордтық мөлшерде қар шығарылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда түні бойы жұмыс істеген коммуналдық қызметтер рекордтық мөлшерде - 22 мың текше метр қар шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының мәліметінше, өңірде екі күнде қаңтар айының нормасы мөлшерінде қар жауған. Соның ішінде Есіл ауданының Корнеевка елді мекенінде 26 мм, Тимирязев ауданында 25,5 мм ақ ұлпа түскен. Петропавлдағы жағдай да мәз емес.

Боран салдарынан қала көшелерінде қозғалыс қиындай түсті. Шаһарды қардан аршу үшін коммуналдық қызметтер екі ауысымда жұмыс істеді.

Күндіз көлік кептелістерін болдырмау мақсатында жұмысшылары қарды қолмен күреді. Ал ауыр техника кешкі сағат 22.00-ден бастап шығып, таңғы сағат 5.00-ге дейін жұмыс атқарды.

«Қазан айынан бастап 14 кәсіпорын өздеріне бекітілген учаскелерден 57 мың текше метр қар шығарды. Ал сол мөлшердің жартысына жуығын – 22 мың текше метр қарды бір түнде шығарды. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Маусым басталғалы осымен төртінші рет қала сыртына қар шығарып отырмыз», - дейді Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

Коммуналдық қызмет өкілдерінің айтуынша, тұрғындар тарапынан көшелердің қардан тазартылуына қатысты сын жиі айтылады. Оларға жұмысты сапалы атқаруға көп жағдайда жол жиегіне қалдырылған көліктер кедергі келтіреді екен.

«Қар шығару жұмыстары бүгін де жалғасады. Атқаратын жұмыс ауқымды. Сол себепті тұрғындардан кешке жол бойында көліктерін қалдырып кетпеуді сұраймыз. Бұл ауыр техниканың жұмысына кедергі әкеледі. Салдарынан сол аумақтағы қар шығарылмай қалады», - дейді қалалық әкімдік өкілі.

Әсем Айтулованың айтуынша, былтыр осы аралықта Петропавлдан 65 мың текше метр шығарылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT