Петропавлда геопортал келесі жылы іске қосылмақ

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында келесі жылдың соңына қарай геопортал қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір геопортал 74%-ға дайын. Жоба әзірлеушілер қалған ақпаратты – 1,8 мың гектарды 2020 жылы енгізеді. Қала маңындағы және өнеркәсіптік аймақты енгізу ғана қалды.

«Мемлекеттік кадастрмен бірлесіп инженерлік желілерді, нысандарды түгендеп, қаланың бас жоспарын дайындау үстіндеміз. Барлық нысандар цифрландырылады. Содан кейін осы платформа негізінде геопортал жасалмақ», - деді Құрылыс , сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Мұхамедиев.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов оны қолда бар ақпараттармен бірге қазір іске қосу керек деп есептейді.

«Оны адамдарға бере беру керек. Мұны не үшін жасап жатырмыз? Бизнеске қай жерде бос алаң, энергетикалық қуаттылық, жылу, электр энергиясы, су қоры бар екені түсінікті болу үшін әзірледік. Әрбір кәсіпкер монополистерге барып, әрі-бері жүгіріп жүр. Ешқайда барудың қажеті жоқ – геопорталға кіріп, өз есебін жасап, әрі қарай өтініш берсе болғаны. Жұмыс осылай істелуі керек, жарты жыл бойы рұқсат алу құжаттарын жинай бермей», - деді өңір басшысы.

Болашақта геопорталда бос және берілген жер учаскелері туралы ақпарат пайда болады.

Автор:

Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар