+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Петропавлда итті сойғандарға қатысты тергеу амалдары басталды

2021 жылғы 10 маусым 22:12
Бөлісіңіз:
Петропавлда итті сойғандарға қатысты тергеу амалдары басталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда көпқабатты үйдің маңында итті сойғандардың кім екені анықталып, тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жапонияда белгісіз біреу бес адамға пышақ салған Cемейде бір ай бұрын жоғалып кеткен 55 жастағы ер адам әлі табылмай жатыр Атырау облысында бір күнде екі адам суға кетті

Бұған дейін Петропавлда белгісіз біреулердің көпқабатты үйдің маңында итті сойғанын айтқан едік. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы дерекке қатысты Петропавлда ҚР ҚК 316-бабы «Жануарларға қатігездік жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу аясында жұмыс істеп жатыр.

Итті сойғандар 42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйел. Жедел уәкілдер оларды анықтап, ұстады.

Петропавлдағы «Фауна» қоғамдық бірлестігі өкілдері де бұл оқиға жайында пікір білдірді.

«Бүгін барлығы жантүршігерлік бейнажазбаны көрді... Бұл оңбағандарды жазалап, қылмыстық жауапқа тарту үшін барынша күш салған бойжеткенге алғыс айтамыз. Қазір мен де барып, «Фауна» ҚБ волонтерлері атынан арыз жазамын. Мұндай арыздардың көп болғаны дұрыс, сонда олар жазадан құтылып кетпейді.

2020 жылы бұл әйел бізге де келіп ит сұраған еді. Олардан бұған дейін де қаншама жануар зардап шегуі мүмкін», - дейді волонтер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT