Петропавлда қаруды уақытша сақтайтын орталықтар ашылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда азаматтық және қызметтік қаруларды уақытша сақтаудың мамандандырылған екі орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аңшылар енді шартқа отырып, қаруларын кәсіби мамандардың күзетіне уақытша сақтауға тапсыра алады. Шарттың талаптары бойынша иесі кез келген уақытта қаруын, оқ-дәрілерін заңды пайдалануға алып, кейін қайта сақтауға тапсыра алады.

«Қаруы барларға үлкен жауапкершілік жүктелген. Оны сақтаудың да өз талаптары бар. Қаруды тек сейфте жалғыз өзін сақтау қажет, ал қала тұрғындары сондай-ақ дабыл орнатуы тиіс. Полиция қызметкерлері қарудың белгіленген ережелерге сәйкес сақталуына көз жеткізу үшін қару иелерін тұрғылықты жерлері бойынша тексеріп тұрады. Қарудың орталықтандырылған түрде сақталуы иелерін көптеген келеңсіз жайттардан сақтандырады, қарудың ұрлануына, криминалдық ортаға түсуіне жол бермейді», - дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Жыл басынан облыс полицейлері қару иелеріне қатысты 852 құқық бұзушылықты анықтады, оның 568-і қаруды сақтау ережелерін бұзумен байланысты. Ал азаматтық және қызметтік қару айналымымен байланысты мәселелер бойынша 8 (7152) 39-58-66 телефоны арқылы кеңес алуға болады.


Соңғы жаңалықтар