Петропавлда көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда қалың қар салдарынан бес қабатты үйдің шатыры опырылып түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін, түскі сағат 12.30 шамасында болған.

«112» телефон нөміріне Болатбаев көшесіндегі, 28 үйдің шатыры құлағаны туралы ақпар түсті. Төтенше жағдай орнына департаменттің басшылық құрамы, «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары» ММ-нің және «Жедел құтқару жасағы» ММ-нің жеке құрамы, Петропавл қалалық ТЖ басқармасының мамандары, Полиция департаментінің, қалалық әкімдіктің өкілдері - барлығы 31 адам, 10 техника жетті. Тәртіп сақшылары қауіпті аймақты қоршауға алды», - делінген ақпаратта.
null

Мамандардың айтуынша, 1983 жылы салынған бес қабатты үйдің шатыры жиналған қардың салмағын көтере алмай опырылған. Жалпы аумағы - 50 шаршы метр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Пәтерлерге зақым келмеген. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр.

null

Соңғы жаңалықтар