Петропавлда мердігерлер жолды қайта жөндейтін болды
Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Жұмысшы кентінде, «Береке», «Жас өркен» ықшамаудандарында және Солнечный кентінде 50 шақты көшенің жолы тегістеледі.
Бұдан басқа мердігер компаниялар былтыр жолдарды жөндеу кезінде жіберген олқылықтарды жоятын болады. Бөлімнің мамандары кешенді тексеріс жүргізіп, бірнеше жолдың сапасыз істелгенін анықтады. Соның ішінде Чайкин, Калюжная, Петров, Иртышская, Гуденко, Молодогвардеец, Морозов, Минская, Целинный, Кошевой, Заречной-1, Таң-Шолпан, Дульский, Әуэзов, Добролюбов, Рижский, Крылов, Ломоносов, Новицкий және Софронов көшелерінде шұңқырлар табылып, қиыршық тастың төселмегені анықталды. Мердігерлерге бір айдың ішінде олқылықты жою қажеттігі жөнінде хабарлама жіберілді.