Петропавлда теннистен халықаралық турнир өтіп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда теннистен халықаралық «ITFJuniorsG4» турниры өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бес күнге шақталған жарысқа еліміздің құрама командасы және АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстанның 12-16 жас аралығындағы спортшылары қатысуда. Байрақты бәсекеде жүзден астам теннисші ұл-қыз бақ сынамақ. Олар жекелей және жұп болып өнер көрсетеді. Ел намысын қорғайтын теннисшілер арасында халықаралық деңгейде тәжірибелері мол спортшылар да баршылық.

«Бұл - әлемдегі ең ірі турнирлердің бірі десек қателеспейміз. Спорттың осы түрін Қазақстанның барлық аймақтарында барынша дамытқымыз келеді. Жарысты Петропавл қаласында ұйымдастыруымыздың себебі де осы. Мұндағы жастар осындай үлкен сайыстарды көріп, қызығушылығы оянады. Қажетті тәжірибе жинақтай алады. Аталмыш сайысқа еліміздің мықты деген, болашағынан үміт күттіретін жастары қатысуда. Тенисшілеріміз жерге қаратпайды деп сенеміз», - дейді теннис федерациясының атқарушы директоры Юрий Польский.

Петропавлда былтыр әлемдік стандарттарға сай келетін теннис орталығының ашылуы осындай халықаралық турнирді өткізуге мүмкіндік берді.

Бұл - СҚО теннистен әлемдік деңгейде өтіп отырған алғашқы турнир. Жарыс наурыздың 2-сіне дейін жалғаспақ.

null

Соңғы жаңалықтар