+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Петропавлда тұрақтандыру қорының азық-түлігін қайдан алуға болады

2019 жылғы 2 желтоқсан 18:14
Бөлісіңіз:
Петропавлда тұрақтандыру қорының азық-түлігін қайдан алуға болады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасы өкілдері тұрақтандыру қоры қандай өнімді қандай бағада жеткізетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сапархан Омаров қандай азық-түлік түрлері импортқа тәуелді екенін айтты Түркістан облысында азық-түлік бағасы бақылауда Семейде тұрақтандыру қоры іске қосылды

Мекеменің ақпараты бойынша, облыстық азық-түлік тұрақтандыру қорынан сауда орындарына қарақұмық, күнбағыс майы, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, ұн және макарон өнімдері түседі.

Басқарма мәліметіне сенсек, қарақұмықтың бір келісі 130 теңге, ал арнайы қапталғандарының 800 грамы – 180 теңгеден болмақ. «Заречное» күнбағыс майының литрінің бағасы 370 теңге. Картоптың келісінің бөлшек бағасы 65 теңге, сәбіз – 85, пияз – 66 және қырыққабат 85 теңгеден болады. Бірінші сортты «DEZ» ұнының екі келілік қабы 253 теңге, салмағы 1,8 келі «Тамерлан» ұнының бір қабы 261 теңгеден аспайды. Тұрақтандыру қорынан түсетін макарондардың бір килограмының бағасы 192 теңгеден аспауы керек.

Бұл өнімдер Петропавлдағы шаруашылық базары, «Корона» сауда үйінің жанындағы базар, «Тайга» сауда-нарықтық кешені және «Семейный», «Северный», «Айсберг» және «Пирамида» супермаркетінде сатылады.

Жұмыртқа бағасына келер болсақ, мекемедегілер олардың бағасы қалай анықталатынын және бағада неліктен үлкен айырмашылық барын түсіндірді.

«Жұмыртқа бағасын тұрақтандыру мақсатында облыстық әкімдік құс фабрикалары және сауда орындарымен меморандум жасады. Меморандум ережесі бойынша іске асыру тек белгіленген төмендетілген бағалар бойынша ғана мүмкін болады. Құс фабрикалары ай сайын бөлшек сауда орындарына 3 мың қорап жұмыртқа жеткізеді. Бірінші санаттағы он дана жұмыртқаның бөлшек бағасы 190 теңге. Меморандум облыс орталығындағы 48 нүктені қамтыды», - деп мәлімдеді басқармадағылар.

Жұмыртқаны одан жоғары бағамен сататын сауда орындары меморандумға кірмейді. Баға жұмыртқаның санаты мен қаптамасына қарай әртүрлі болатынын ескерген жөн.

Авторы Олеся Жуковень

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT