Петропавлда үйдің подъезінде бойжеткенге шабуыл жасаған ер адам ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда екі күн бұрын 19 жастағы бойжеткенге үй подъезінде шабуыл жасаған ер адам бүгін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 сәуір сағат 18.15 шамасында Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері Жамбыл көшесіндегі үйлердің бірінің подъезінде бойжеткенге шабуыл жасады деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол облыс орталығының 49 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұған дейін бірнеше рет сотталған екен.
«Қазіргі уақытта ұсталған ер адам Петропавл қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл іс толық, жан-жақты, барлық жағдайлар ескеріле отыра объективті тергеледі, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - делінген хабарламада.
Естеріңізге салайық, 5 ақпан күні сағат 20.00 шамасында Петропавлдағы көп қабатты үйлердің бірінің подъезінде 19 жастағы бойжеткенге белгісіз ер адам шабуыл жасаған еді. Ол қыздың тамағына пышақ тақап, зорламақ болған. Айғайды естіген көрші бойжеткенді құтқарды, ал ер адам қашып кеткен еді.
- Петропавл су қоймасында су деңгейі көтерілді
- Петропавлда аттракциондар саябағы ашылды
- Алматыда полиция көшеде 2 жасар баласын тастап кеткен ананы іздеп жатыр
- ШҚО-да 10 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер Алматыда ұсталды
-
Шымкентте жасырын цехтан 12,9 тонна спирт пен 7 мыңнан астам суррогат ішімдік тәркіленді
-
ШҚО-да заңсыз балық аулаған 64 адамға айыппұл салынды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам