-
ОНЛАЙН:
Петропавлда жатақханада болған жарылыста жарақат алған екі жігіттің беті бері қарады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жатақханада болған жарылыс кезінде екі жігіт ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімшесіне түскен. Отадан кейін олардың жағдайы жақсарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге салайық, 21 ақпан күні Петропавлдағы жатақхананың бірінші қабатында газ баллоны жарылды. 2 адам мерт болып, 15-і түрлі дене жарақатын алды.
Ауыр жарақат алған екі ер адам Солтүстік Қазақстан облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Екеуі де 1997 жылы туған. Біреуінде ашық бас-ми жарақаты болып, төбе сүйегі сынған, оған қосымша жарылыс кезінде 5-6 мойын омыртқасы зақымданған. Ал екіншісінде ашық бас-ми жарақатынан бөлек, миы соғылған.
«Екеуінің де жағдайы өте ауыр болды. Бас сүйектері трепанацияланды. Мидың ішінен қанды ісік алынды. Мойын омыртқасы синтезделді. Одан кейін 10 күннен артық уақыт өтті. Қазір екеуінің де жағдайы жақсы», - дейді СҚО көпбейінді аурухананың бас дәрігері Юрий Белоног.
Мамандардың айтуынша, бір апта бұрын ғана науқастардың бірі терең ұйқыда жатты. Екіншісі қол-аяғын қимылдата алмады. Қазір екеуінің де жағдайы жақсы. Бұл туралы науқастар аурухананың әлеуметтік желідегі парақшасында айтып, дәрігерлерге алғыс айтты .
«Жарылыстан кейін жарақат алып, облыстық ауруханаға ауыр жағдайда түстім. Аяқ-қолымды қимылдата алмадым. Мені құтқарды. Екі күрделі ота жасады. Қазір өздігімнен отырып, жүре аламын. Қолымды қимылдатамын. Маған қолдау білдірген барлық жандарға алғысым шексіз. Хирургтерге, аурухана мамандарына рахмет», - дейді сырқаттардың бірі.
Айта кетерлігі, сол жарылыста денесі күйіп қалған бойжеткен ауруханада қайтыс болған еді.
- Алматыда бір тәулікте 667 адамнан коронавирус анықталды
- Ақмола облысында ASHYQ жобасы бойынша тоғыз нысан іске қосылды
- Қазақстанда 766 614 адамға коронавирус вакцинасы егілді
- Алматыда 380 орындық инфекциялық орталықтың құрылысы басталды
-
26 қазақстандық коронавирустан көз жұмды
-
Брюссель тұрғындары вакциналауға онлайн жазыла алады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам