Петропавлда жүк көлігі аударылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда қиыршық тас артқан жүк көлігі аударылды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға бүгін Петропавлдағы Караванная көшесінде болған. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, түскі сағат 13.30 шамасында Volvo маркалі жүк көлігінің жүргізушісі бұрылып жатып, басқа көлікпен соғылған. Салдарынан қиыршық тас артылған техника жолдың шетіне аударылып кеткен.


Жол апатынан зардап шеккендер жоқ. Алайда жүк көлігі біршама зақым алды. Оқиға орнында патрульді полиция және жол қызметінің мамандары жұмыс істеді. Әкімшілік іс қозғалып, тиісті материалдар жиналды.

«Volvo жүк көлігінің жүргізушісі бұрылып жатып басқа көлікпен соғылған. Салдарынан көлік жолдың шетіне шығып кетіп, аударылып қалды», - деді Петропавл қаласы жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Шәмшиден Ақышов.






Соңғы жаңалықтар