Петропавлда жыл басынан 45 велосипед ұрланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жыл басынан 45 велосипед ұрланды, олардың тек жартысы ғана табылып, иелеріне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстікң Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл тұрғынынан Интернациональный көшесіндегі бес қабатты үйлердің бірінің кіреберісінен HАMMER велосипедінің ұрланғаны туралы арыз келіп түскен. Жәбірленуші велосипедтің ұрланғанын кешкі сағат 20.00 кезінде ғана байқап, бірден полицияға жүгінген.

Қылмыс жасалған аудандағы бейне бақылау камераларының жазбалары зерделеніп, нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Күдікті Жұмысшы кентінің 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Қала орталығынан үйіне мас күйде кетіп бара жатқан ер адам ашық тұрған үй подъезде тросқа бекітілмеген велосипедті байқайды. Үйіне жету үшін екі дөңгелекті көлікті ұрлап мініп кетеді. Келесі күні оны полицейлер ұстады.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-терсерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі мәжбүрлеу шарасы қолданылды. Велосипед алынып, иесіне қайтарылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Полицейлер велосипедті дүкен қасында, аула мен үй подъездерінде қараусыз қалдырмауға шақырады. Айдап әкетуге қарсы сапалы құрылғыларды пайдаланып, бейне бақылау жүйесі бар жерлерге қойған жөн, велосипедтің маркасы мен сериялық нөмірін білу керек. Ұрланған жағдайда, бірден полицияға хабарласу қажет.

Жыл басынан Петропавлда 45 велосипед ұрлығы тіркелді. Оның жартысы ашылды.


Соңғы жаңалықтар