Петропавлдағы өрт ер адам мен екі баланың өмірін жалмады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жеке тұрғын үйде өрт болып, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түнгі сағат екіде Жұмысшылар кентіндегі тұрғын үй отқа оранған. Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар үйден 32 жастағы оның иесі мен 9 және 5 жастағы екі баланың денесін алып шықты.

«Марқұмдардың мәйіттері сот-медициналық сараптамасына жіберілді. Алғашқы бөлімшелер келген кезде үйдің шатыры толығымен өртке оранған. Бұл өрттің уақтылы анықталмауын және өрт туралы хабарламаның кеш түсуін көрсетті. Өрт ішінара көрші үйге тараған. Оқиға орнында алты техника, жеке құрамның 20 қызметкері жұмыс істеді. Өрттің және адамдар өлімінің себебін жедел-тергеу тобы анықтайды», - деді төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Атығаев.

Жыл басталғалы бері 28 солтүстік қазақстандық тілсіз жаудан көз жұмған.



Соңғы жаңалықтар