Петропавлдағы сауда үйінің өртенуі: Терек мамығына от қойғандар іздестіріліп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда «Северный» сауда үйінің қоймасынан өрт шығып, 17 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Н.Назарбаев көшесіндегі 203-үйде орналасқан «Северный» супермаркетінде өрт шыққандығы жөнінде хабар кеше түнде сағат 23.29 түскен. Сауда үйі бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан. Сол себепті оқиға орнына бірден екі өрт сөндіру бөлімшесінің мамандары жұмылдырылды.

«Өрт сауда үйінің қоймасынан шығып, 10 шаршы метрді шарпыды. Түнгі сағат 23.48 жалын толығымен өшірілді. Қоймадағы картон қораптар жанып кетті, электр сымдары зақымдалды. Қойманың үстінде пәтерлер орналасқан. Онда тұратын 17 адам, соның ішінде 5 бала далаға, қауіпсіз жерге шығарылды. Біздің болжам бойынша, біреулер сол маңдағы теректің мамығына от қойған. Өрт содан шығуы мүмкін», - дейді ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев.

Қазір теректің мамығын өртегендер іздестіріліп жатыр.

Оқыс оқиғадана ешкім зардап шекпеген. Қазір өрттің шығу себебі және келген шығын мөлшері анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар