Петропавлға кіре берісте төрт көлік соқтығысты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда тіркемесі бар Камазбен бірнеше жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан жол қозғалысы тежелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда бүгін бірнеше көлік соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы бірден әлеуметтік желіде тарады.

Куәгерлердің айтуынша, жол апаты қалаға кіре берісте, полицейлердің бақылау-өткізу пунктінің маңында болған. Желі қолданушыларының пікірінше, бұл оқиғаға жолдардың уақтылы тазаланбауы себеп.

Петропавл қалалық полиция басқармасы жол-көлік оқиғасына қатысты түсінік берді.

«24 қараша күні сағат 13.20-да «102» жедел арнасына Қожаберген Жырау көшесінде «Южный» бақылау пунктінде «Daewoo Nexia», «Toyota Alphard», «Opel Astra» жеңіл көліктері және тіркемесі бар Камаз машинасы соқтығысқаны жайында хабар түсті.

Жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер жоқ, жүргізушілердің барлығы спирттік ішімдік ішпеген.

Осы фактіге қатысты материал әрі қарай процессуалдық шешім қабылдануы үшін Петропавл мамандандырылған әкімшілік сотына жіберіледі», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар