PhD дәрежесін қорғау кандидаттық диссертация деңгейінде қалып қойған – Гүлзат Көбенова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым мнистрінің бұйрығымен диссертациялық кеңес пен диссертация қорғау ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоның аппарат мәділісінде Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова осындай мәлімет берді.

«Ғылыми кадрларды даярлау және PhD дәрежесін беру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сарапшылардың пікірінше, PhD-докторантура бағдарламасы 10 жылдан астам уақыттан бері жүзеге асырылып келе жатқанына қарамастан, қорғау механизмі кандидаттық диссертацияларды қорғау форматында қалып қойған», - дейді комитетбасшысы.

Маман жоғары оқу орындарының жанынан құрылған диссертациялық кееңестер өз жұмысында формалдылыққа жиі баратынын айтады.

«Диссертациялық кеңестердің қызметін талдау нәтижесінде бірқатар проблема анықталды. Оның ішінде қорғау және рецензиялау рәсімдерінің формалды түрде өтуі, диссертациялық кеңес жауапкершілігінің төмендеуі сияқты мәселелер бар. Диссертацияның мазмұны бойынша маңызды ескертулер болса да, PhD дәрежесі беріліп отыр.

Сарапшылармен бірнеше рет талқылап, халықаралық тәжірибені ескере отырып, диссертациялық кеңес пен диссертацияны қорғау ережелеріне өзгерістер енгізілді», - деді Гүлзат Көбенова.


Соңғы жаңалықтар