Польшадағы Қазақстан Елшілігі эпидахуалдың қиындауына байланысты азаматтарды қабылдауды тоқтатты

None
None
ВАРШАВА. ҚазАқпарат – Польша Республикасында коронавирусқа қатысты ахуалдың қиындауына байланысты Қазақстан Республикасы Елшілігінің Консулдық бөлімі 12 қазаннан бастап азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтататын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Елшіліктің Facebook парақшасында жарияланды.

«Польша Республикасында коронавирусқа қатысты ахуалдың қиындауына байланысты Қазақстан Республикасы Елшілігінің Консулдық бөлімі 2020 жылдың 12 қазанынан бастап барлық сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдауды тоқтататады. Консулдық сұрақтар бойынша [email protected] поштасына жазуды өтінеміз. Күрделі жағдай туындаса +48608317707; +48602797591 нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз», - делінген хабарламада.


Фото: www.zpkz.kz


Соңғы жаңалықтар