Полиция күні: ШҚО-да тәртіп сақшыларының мергендігі сыналды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан полициясы күніне орай жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша турнир өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыстың қалалары мен аудандарынан келген полицейлердің қатысуымен өткен шарада карантиндік шектерлеу қатаң сақталды.

«Жарысқа 9 команда қатысты, атап айтқанда полиция департаментінің аппараты, Өскемен қалалық ПБ, Ертіс, Үлбі, Сол жағалау полиция бөлімдері, ПД патрульдік полиция батальоны, Өскемен қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны, сондай-ақ Ұлан және Глубокое аудандық полиция бөлімдері. Сақшылар жаттығудың 3 түрі бойынша жарысқа түскен», - деді Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Мерхат Дюсупов.

Турнирді өткізу қорытындысы бойынша бірінші орынды ШҚО ПД аппаратының командасы, екінші орынды Өскемен қалалық ПБ аппараты, үшінші орынды облыстық ПД БПП иеленді. Жеңімпаздар жеке және командалық есепте медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар