Полиция мен волонтерлер елордаға апаратын айналма жолдарды бақылауда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында полиция қызметкерлері мен волонтерлер елордаға апаратын айналма жолдарды бақылауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аумақтық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын және кіретін жолдар жабылды. Алайда, кейбір жүргізушілер бұл талаптарға құлақ аспай айналма және дала жолы арқылы елордаға баруға тырысып бағуда. Осындай заң бұзушылыққа жол бермеу үшін тәртіп сақшылар елордаға қатынайтын күре жолдан бөлек, айналма және қара жолдарда да бақылауды күшейтуде.

«Қазіргі кезде елордаға апаратын жолдарды бақылау мақсатында топографикалық спутник картасы зерттелуде. Сондай-ақ, аумақты бақылау үшін квадрокоптер пайлануда. Департамент басшылығының тапсырмасымен карантин аумағына заңсыз кіру оқиғасын жедел алдын алу бойынша жол талғамайтын қызметтік көлік, қарда жүретін көлік сияқты арнайы техника қолданылуда», - дейді ведомстводан.

Тәртіп сақшыларына жақын маңдағы елді мекендерде тұратын қарда жүретін көліктердің иелері көмектесуде. Олар волонтер ретінде елорда сыртында блок бекетер аумағын бақылауда.

Айта кетейік, ҚР ІІМ тапсырмасымен Нұр-Сұлтан қаласынан 30 шақырым радиустегі Ақмола облысының жолдарының барлық бағытында 15 блок бекет орналасқан. Онда полицияның 100 астам қызметкері тәулік бойы бақылау жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар