Пойыз билеттерінің бағасы қымбаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 21 қыркүйектен бастап 11 бағдардан басқа пойыздардың билеттері 10 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушы тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі хатына негізделе, 2019 жылғы 21 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар облысаралық бағдарларға қатынайтын пойыздардан басқаларының билеттері 10 %-ға қымбаттағанын хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

Билеті қымбаттамаған бағдарлар мыналар:

№ 085/086 «Нұр-Сұлтан -Сарыағаш»

№ 021/022 «Қызылорда-Семей»

№ 313/314 «Атырау-Маңғыстау»

№ 339/340 «Павлодар-Пресногорьковская»

№ 373/374 «Алматы-Жезқазған»

№ 377/378 «Алматы-Маңғыстау»

№ 603/604 «Нұр-Сұлтан -Арқалық»

№ 085/086 «Қарағанды-Сарыағаш»

№ 021/022 «Алматы-Семей»

№ 22/6941/6942/21 «Алматы-Достық»

№ 339-55/56-154 «Павлодар-Қызылорда».

Соңғы жаңалықтар