Премьер-Министр он күн ішінде Президентке Үкімет құрамын ұсынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті ҚР Конституциясында көзделген тәртіппен құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Конституцияның 65-бабына сәйкес, республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді.
Содан кейін Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.
Еске сала кетсек, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин тағайындалды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та осыған дейін «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында Үкімет басшысының кандидатурасына пікір білдіріп, Асқар Маминнің кандидатурасын қолдаған еді.
Сонымен бірге, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты. Мемлекет басшысы құрамы жаңғырған жаңа Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келетінін атап өтті. Ол – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы мен қазіргі заманғы Қазақстан парламентаризмінің ширек ғасырлық белеске жеткені. Мемлекет басшысы осы тарихи кезеңде сенім мандатына ие болған депутаттар халық үмітін ақтап, Отанымызға адал қызмет ететініне сенім білдірді.
- Мансұрхан Махамбетов Парламентаризм институтының директоры болып тағайындалды
- Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақтың шарттарын қарайды - Нұрлан Нығматулин
- Мәжіліс депутаттары Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының жобаларымен танысты
- Ұлттық кеңес саяси экономикалық реформалардың басты алаңына айналды - Ерлан Саиров
-
Сенаторлар халықаралық шарттарға өзгерістер енгізетін заң жобасын мақұлдады
-
Дана Нұржігіт: Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам