Премьер-Министр суармалы егіс алқаптарына қатысты тапсырмалар жүктеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Үкімет отырысында суармалы егіс алқаптарына қатысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ирригациялық инфрақұрылымды дамыту мен жаңғырту жобаларын іске асыру 2020-2021 жылдары қосымша 500 мыңдай гектар суармалы жерді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұған шамамен 274 млрд теңге көзделген. 88 мың жұмыс орны құрылады, оған құрылыс және жөндеу жұмыстары кезіндегі 11 мың жұмыс орны және 77 мың тұрақты жұмыс орны кіреді», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр суармалы жерлердің инфрақұрылымын ауқымды түрде кеңейту агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға елеулі серпін беретінін, ол ел экономикасының құрылымында маңызды секторға айналуы тиіс екенін атап айтты.

«Қабылданатын шаралар 2024 жылға қарай жеміс-көкөніс өнімдері бойынша импортты жүз пайыз алмастыруға мүмкіндік жасайды», - деді Премьер-Министр.

Осы орайда А. Мамин Экология, Ауыл шаруашылығы министрліктеріне, әкімдіктерге жобаларды іске асыруды тездетіп бастауына, сондай-ақ қаражаттың тиімді игерілуіне тиісінше бақылау жүргізуді тапсырды.

«Жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, пайдалануға берілетін суармалы жерлерді барынша жұмыс жүргізсін. Өңірлер жер учаскелерін уақытында бөлу, фермерлік алқаптарға қажетті инфрақұрылымды жеткізу бойынша барлық шараларды қабылдауы қажет», - деді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар