Президент әлеуметтік қолдауға қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қайта жаңғырту керек. Бұл туралы бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бізге әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қайта жаңғырту керек. Мемлекет көмекке мұқтаж азаматтарды қолдауға басымдық беруі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қ. Тоқаев мемлекеттік көмектің атаулы сипатын және оны алу кезіндегі тиісті талаптарды күшейту керектігін айтты.
«Әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекс осы маңызды саланың өзекті мәселелеріне кешенді жауап беретін болады», - деді Президент.
Айта кетейік , Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлеуметтік кодекстің әзірленуіне қатысты пікір айтқан болатын.
- Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
- Қазақстанда ана мен баланы әлеуметтік қолдауға 635 млрд теңге бағытталды
- Адам капиталы мен адам құқын қорғау мәселесін Президент басты орынға қоюда — Марат Башимов
- Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
-
ҚР Президент: Ұлттық кеңес жаңа реформалар ұсынатын маңызды құрылымға айналды
-
Кейбір заңнамалық актілерге атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам