Президент әр қазақстандықты алаңдатып отырған сұрақтардың шешімін көрсетті –Коммунистік партия

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның коммунистік халық партиясы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіне көзқарасын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент Қ.Тоқаев үндеуінде қазіргі уақытта әр қазақстандықты алаңдатып отырған маңызды сұрақтардың шешімін көрсетті. Көптеген қауіпті инфекциялар Қазақстанға келген жоқ еді, мұндай жағдайға бірінші рет тап болғандықтан көп шешім дұрыс қабылданбауы мүмкін.

Ұлттық аза тұту күнін жариялау – өте дұрыс шешім, құрмет пен қажеттілік. Себебі қазақстандықтар төтенше жағдай мен карантин режимі кезінде өмірден өткен жақындарымен, достарымен қоштаса алмай қалды. Бұл күні біз жоғалтқан адамдарымыздың бәрін еске аламыз.

COVID-19 жұқтырғандар саны артып, жағдай шиеленісіп жатқандықтан жедел, қатаң және кешенді шаралар қабылдау қажет. Мұны да президент үндеуінде тілге тиек етті. Президент қарапайым адамдардың айтқысы келгенді жеткізді, пандемияның екінші толқыны бәрімізге ауыр тиіп жатыр, медициналық мекемелер ауырғандар саны көп болғандықтан күресуге шамасы жетпей жатыр, дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмек жеткіліксіз, алып-сатарлық басталды.

Кез-келген пандемия кезінде сұраныстың артуы – қалыпты жағдай, бірақ Президенттің көзқарасы мен тапсырмасына назар салсақ жағдай өзгеретін тәрізді. Қоғам да бақылауға қосылатынына сенеміз. Себебі тәжірибе көрсеткендей көптеген мемлекеттік мекемелер пандемияға да, халықпен қарапайым байланысқа да дайын болмай шықты!

Президент бірнеше рет атап өткендей, біздің басты міндетіміз – денсаулықты, азаматтардың өмірін, әсіресе қарт адамдарды аман алып қалу! Сондықтан алғашқы медициналық көмекті нығайтып, диагностика жасап, дала госпитальдерін күшейту керек деп есептейміз. Уақытында қабылданған шешімдер: медицина қызметкерлерін ынталандыруды жалғастыру, медициналық көмек көрсету және науқастарды үйде емдеу, дәрілік препараттар мен техника жеткізудегі кедергілерді жою. Мұндай шаралар стационарда орын жетіспеу, ішкі нарықты дәрі-дәрмекпен, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, ауруханаларды жабдықтау мәселесін жедел шешуге көмектеседі. Халық қара жамылып жатқанда пайда тауып қалуға тырысып жатқан алыпсатарлармен күресу керек. Оларды қатаң жазалау қажет!

Коммунистер қазіргі жағдайда карантиндік шара өте оңды шешім деп есептейді. Бәріміз ниеттестік, жауапкершілік танытып, осы қиын кезеңде өзімізді, жақындарымызды қорғауымыз керек. Біз Президенттің бастамаларын қолдаймыз. Өз кезегінде компартия республикалық «Халықтық қолдау орталығы» жобасын іске қосуды жоспарлап отыр. ҚКХП бөлімшелерінде азаматтарды Мәжіліс депутаттары қабылдайды, заңды, психологиялық және азық-түлік түріндегі материалдық көмек көрсетіледі. Бір-бірімізге көмектесу арқылы ғана пандемияға қарсы тұрып, Қазақстанның экономикасын қалпына келтіреміз!


Соңғы жаңалықтар