Президент балаларды қорғау мақсатында Ұлттық мониторинг механизмін енгізуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды түрлі жәбірден, интернеттегі қудалау мен арандатудан қорғау үшін Ұлттық мониторинг механизмін енгізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балаларды интернеттегі қудалаудан сақтау керек. Мәселені жүйелірек түсіну үшін Ұлттық мониторинг механизмін – балалардың амандығы индексін құрып, оны 2022 жылдан бастап енгізу қажет. Индексті енгізу жұмысы балалардың әртүрлі саладағы жағдайын жақсарту бойынша ұлттық саясаттың тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді», - деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ерекше қажеттілігі бар қолдау да маңызға ие екенін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар