Президент блокпосттарда көліктердің ұзақ тұруына жол бермеу керектігін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Облыстар арасындағы блокпосттарда азық-түлік тасымалдайтын көліктер кедергісіз жүруі керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен бұған дейін өңіраралық үйлестірудің маңыздылығы туралы айтқан едім. Облыстар арасындағы түрлі блокпосттарда көліктердің бірнеше сағат бойы тұрып қалуы фактілері орын алуда», - деді Президент.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссия аталған жағдайды қадағалау керектігін атап өтті.

Бұған дейін хабарланғандай, Президент ауыл шаруашылығының азық-түлік өнімдерін жеткізушілердің карантиндік қалаларға үздіксіз кіруін қамтамасыз ету керектігін тапсырды.

«Оларға жедел түрде «жасыл» аумақтар арқылы өткізу құжаты берілуі тиіс. Бұл көктемгі дала жұмыстарын бастайтын фермерлерге де қатысты мәселе», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар