+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

Президент бюджет саласындағы 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысын өсіруді тапсырды

2021 жылғы 19 қаңтар 18:28
Бөлісіңіз:
Президент бюджет саласындағы 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысын өсіруді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет 2020 жылы бюджет саласындағы 883 мың қызметкердің еңбекақысын өсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш мәлімет Мемлекет басшысының Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдауында айтылды.

«Атап айтқанда 609 мың педагогтың жалақысы 25 пайызға, 215 мың медицина қызметкерінің еңбекақысы 30 пайызға дейін, мәдениет, архив және өнер саласындағы 34 мың қызметкер мен әлеуметтік қорғау саласындағы 25 мың қызметкердің жалақысы 50 пайызға дейін көбейген. Президент биыл да бюджет саласындағы 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысын, оның ішінде, 785 мың педагогтың жалақысын 25 пайызға, 247 мың медицина қызметкерінің еңбекақысын 30 пайызға, әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік-медициналық мекемелердің 38 мың қызметкерінің жалақысын 45 пайызға дейін арттыру жұмысын жалғастыру аса маңызды міндет деп есептейді», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Асқар Мамин Президентке еліміздегі санитарлық-эпидемиялық ахуал мен әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері туралы баяндады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT