Президент елімізге жаңа экономикалық бағыт керектігін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Реформаларды жүзеге асыру қарқыны баяулады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбек өнімділігінің елеулі өсімінің болмауы - үлкен проблема. Бұл жағдай шынымен де проблема. Шикізаттық емес экспорттың үлесі баяу өсіп келеді. Экономикалық өсім сапасына байланысты мақсаттар ауқымды екенін көріп отырсыздар. Олардың ішінде басым бөлігі құрылымдық проблемалар. Оларды біз көп жылдардан бері шешіп келеміз», - деді Президент.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы қойған стратегиялық мақсаттарға міндетті түрде қол жеткізу керектігін атап өтті. Осы орайда аталған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуде Үкіметтің қадамдарын қайта жүктеудің уақыты жетіп отыр.

«Реформаларды жүзеге асыру қарқыны баяулағанын мойындау керек. Бұл фактіні халықаралық және отандық сарапшылар белгілеп отыр. Ел экономикасының терең реформаларының бағдарламасын даярлау маңызды деп санаймын. Бізге жаңа экономикалық бағыт керек. Реформалар ерік пен табандылықты талап етеді, Үкіметті дәл осындай жігерге шақырамын. Реформаларды іске асыру үшін ең алдымен мықты жігер керек. Үкімет осы қасиетті көрсететі деп үміттенемін. Басқа жол жоқ, өйткені уақытымыз да жоқ», - деді Мемлекет басшысы.





Соңғы жаңалықтар