Президент елорда әкіміне тұрғындарға вакцина салуды уақытылы ұйымдастыруды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президентке Елордадағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцина салу шаралары жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар коронавирусқа қарсы екпені тезірек алған жағдайда ғана қоғамдық орындарда бір-біріне қауіп төндірмейтінін, бизнес жандана түсетінін, қызметкерлердің жұмыс орындарына алаңдамай баруына және халықтың қалыпты өмірге қайта оралуына толық мүмкіндік болатынын айтты.
Президент тұрғындарға вакцина салуды уақытылы және жаппай ұйымдастыру, эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстап, халықтың денсаулығын сақтау жөнінде қала әкіміне тапсырма берді.
Мемлекет басшысына қаладағы халық санының артуына байланысты білім беру ошақтарын салу арқылы үш ауысымдық мектептердің мәселесін шешу, кезекте тұрған азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша ақпарат берілді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновке қаланы газдандыру мәселесін шешуді, инвестиция тартуды, Жұмыспен қамту жол картасын тиімді жүзеге асыруды, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді тапсырды.
- Елордада 23 сәуірден бастап күн жылынады
- Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға тиісті жағдайлар жасалады – Нұрлан Нығматулин
- Президент Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
- Мәжіліс инклюзивті білім беруді сапалы іске асыруға арналған құжатты мақұлдады
-
Қазақстанда 766 614 адамға коронавирус вакцинасы егілді
-
ШҚО-да биыл 6 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілмек
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам