+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

Президент елордадағы аурухананың апаттық жағдайы проблемасын көтерді

2019 жылғы 8 қазан 15:14
Бөлісіңіз:
Президент елордадағы аурухананың апаттық жағдайы проблемасын көтерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Орталық теміржол ауруханасының апаттық жағдайы проблемасын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тоқаевтың БҰҰ 74-сессиясына қатысуына орай әзірленген жаңа деректі фильм көрсетіледі Әбіш Кекілбайұлы қара сөздің құдіреті арқылы елдің намысын оятып, рухын көтерді - Президент Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы келісімге өзгерістер енгізілді

«Орталық теміржол ауруханасының апаттық жағдайы ерекше назар аударуды қажет етеді. Ғимаратқа күрделі жөндеу 60 жыл жүргізілмеген. Атап айтқанда, бұл аурухана бүгінде елордада халық тығыз орналасқан ауданның біріне қызмет көрсетуде. Сарыарқа ауданында 400 мыңға жуық адам тұрып жатыр», - деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы қала басшылығына және Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа бұл мәселе бойынша түсінік беруді сұрады.

Өз кезегінде Сарыарқа ауданының әкімі Ерғали Егемберді аталған аурухана бойынша 12 гектар жер телімі бөлінгенін және жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қамтылғанын жеткізді. Осы аумақта 159 саяжай учаскесі орналасқан. Бұл тұрғыда саяжайларды сүріп тастау үшін қажетті қаржы бөлінуде. Ал 2020 жылдың екінші жартыжылдығында осы аурухана ғимаратының құрылысы бойынша жобалау жұмыстары іске асырылатын болады.

Министр Е. Біртанов бұл бағыттағы жұмыстар әкімдікке тиесілі екенін атап өтті.

«Күрделі жөндеуге қаржы жалпы сипаттағы трансферттер аясында бөлінеді және оның барлығын жергілікті атқарушы органдар қажеттілікке қарай нысандар арасында өзара бөледі. Аурухана ғимараты әбден ескірді. Сондықтан халықаралық стандарттарды ескере отырып, оны қайтадан салу керек», - деп түсіндірді Е. Біртанов.

Осы орайда жаңа учаскеде аурухана нысандарын салу туралы шешім қабылданды. Құрылыс жұмыстары алдағы жылы басталып, 2023 жылы аяқталады деп күтілуде.

Мұнымен қоса елорда әкімі Алтай Көлгінов аурухана жабдықтарының 40 пайызы тозғанын жеткізді.

«Ауруханаға күрделі жөндеу жүргізілмеген, сондықтан қазіргі уақытта ғимараттарды жөндеу тиімсіз болып тұр. Сәйкесінше, жаңа ғимарат салу қажеттігі бар», - деді қала әкімі.

Мемлекет басшысы айтылғандарды тыңдай келе, Үкімет пен әкімге бұл проблеманы шешуді тапсырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT