Президент: Халық денсаулығының шынайы көрсеткіштерін білуге тиіспіз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халық денсаулығының шынайы көрсеткіштерін білуге тиіспіз. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия кезінде медициналық статистиканың нақтылығына қатысты мәселе өткір болды. Өңірлер рейтинг қуып және жазадан қорыққандықтан істің шынайы мән-жайын жасырып, қаражатты тозаңға айналдырды және қабылданған күш-жігердің барлығын жоққа шығарды. Пациенттердің тағдыры тікелей байланысты негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау үшін халық денсаулығының шынайы көрсеткіштерін білуге міндеттіміз» - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті барлық өңірлер мен жас топтарының шегінде сырқаттанудың шынайы картинасы бойынша сенімді зерттеу статистикасын шұғыл ұйымдастыру қажеттігін баса айтты.

«Ол бір айдың ішінде жүргізілуі тиіс және үнемі жаңарып отыруы қажет. Бұл оқушылардың білім алу режимін айқындау кезінде, бизнес пен азаматтар үшін карантин шектеуін енгізу барысында өте маңызды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар