Президент кәріз жүйесі бойынша елорда әкімдігіне бірқатар тапсырма жүктеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаладағы жаңбыр суы ағатын кәріз жүйесі проблемасын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұған дейін бірнеше мәрте көтерілген мәселенің бірі - ол жаңбыр суы ағатын кәріз жүйесі жұмысының елорда тұрғындарына елеулі қолайсыздық тудыруына қатысты. Бұндай жағдайға жол берілмеуі тиіс. Жаңбыр кезінде жиналған судан бұрынғысынша Момышұлы даңғылы мен Тоқпанов көшесі қиылысында, Уәлиханов көшесі мен Бараевта, Тұран даңғылы мен Ұлы Дала көшесінде жүріп өту қиындық тудырады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған байланысты Президент қала әкімдігіне бірқатар тапсыраманы жүктеді.

«Әкімдікке осы проблеманы шешу бойынша шара қабылдау жүктеледі. Сонымен қатар коллекторлар мен жаңбыр суы ағатын кәріз жүйесі құрылыстары үшін бірыңғай эксплуатациялық ұйымды айқындау тапсырылады. Бұл ертеректе шешімін табуы тиіс нақты жоба», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар