14:12, 12 Сәуір 2021 | GMT +6
Президент: Қазақстан халықаралық бағдарламаларға, ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалысады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халықаралық бағдарламаларға, ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса береді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында осылай жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осыдан 60 жыл бұрын адамның ғарышты игеру дәуірі басталды. Юрий Гагариннің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуы – әлемдік ғылым дамуының жарқын көрінісі. Қазақстан халықаралық бағдарламаларға, ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса береді», деп жазды Президент.