Президент Қазақстанда құрылыс құны қалай қымбаттайтынын талдап берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев нысандар құрылысында жобалауды қымбаттатуға жол бермеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобалар құнының елеулі түрде қымбаттауы тәжірибесі жалғасып келе жатқанына тоқталған Президент, «Құрылыстың сметалық құнын қалыптастыру проблемасы бар. Бұл барлық деңгейдегі бюджеттерінің ауқымды шығыс бөлігі болып отыр. Материалдарға, машина және механизмдер жұмысына, технологиялық карталар мен басқа да шараларға бағаның қалыптасуының ашықтығы жоқ. Атап айтқанда, бұл қадамдар құрылыс құнын есептеудің бастапқы нүктесі болып саналады. Кейіннен Қазақстанда құрылыс неге қымбат екеніне таңданамыз».

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, елімізде 14 мыңнан астам жобалық ұйым, 126 сарапшылық ұйым бар.

«Техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжатнаманы әзірлеу, сараптамадан өту құрылыстың жалпы сомасынан 4 пайыздан астам қаржыны құрайды. Міне, резерв қайда жатыр. Жыл сайын ондаған миллиард теңгені тек жобалық-сметалық құжатнамаға жұмсаймыз. Сонымен бірге, бірдей нысандардың құнында еселенген айырмашылық болуы мүмкін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент Үкіметке өнімсіз шығындарды төмендету бойынша тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.



Соңғы жаңалықтар