Президент лауазым иелері мен мемқызметшілерге шетелге іссапарға шығуға тыйым салды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақордада өткен жедел әрекет ету штабының отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент лауазым иелері мен мемқызметшілерге шетелге іссапарға шығуға тыйым салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған сапарларды санамағанда мемлекеттік қызметшілер мен лауазымды тұлғаларға шетелге қызметтік іссапарға шығуға тыйып салынады», - делінген Ақорданың ресми сайтында.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, бюджеттің шығынға шығатын бөлігін жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта бизнесті қолдауға бағыттаған жөн. Осы ретте Үкіметке тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ең алдымен отандық өндірушілерден тікелей әрі ашық түрде сатып алу жүйесіне өту міндеті жүктеліп отыр.


Соңғы жаңалықтар