Президент Ливанға әскери медицина қызметкерлерін жөнелту мәселесін пысықтауды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН,. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қорғаныс министрі Мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас қолбасшыға қарулы күштердің әскери және жедел даярлығы, Қазақстан армиясын дамыту туралы есеп берді.
Бас қолбасшы Бейрут портындағы жарылыс салдарынан зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсету үшін Ливанға әскери медицина қызметкерлерін жөнелту мәселесін пысықтауды тапсырды.

Еске сала кетсек, 4 тамызда Ливан астанасы Бейрут қаласындағы портта жойқын жарылыс болды. Жарылыс салдарынан Қазақстанның СІМ Ливандағы дипломатиялық миссиясы ғимаратына зақым келген. Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін кеңседен кетіп қалған. Кеңседе қалған консул жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан Президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесіп, Ливандағы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде өтініш білдірген еді.

5 тамыз күні жарылыстың неден шыққаны анықталды. Билік мәлімдемесіне сәйкес, аммоний нитратының үлкен партиясы (аммиак селитрасы деп те аталайды) портта ұзақ уақыт сақталып, қауіпсіздік талаптары сақталмаған.


Соңғы жаңалықтар