Президент Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық туралы пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясаты үшін басым бағыттар туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің сыртқы саясатымыздың басым бағыты Ресей Федерациясы болып қала береді. Біз барлық салалар мен бағыттар бойынша стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға тырысамыз. Қытай Халық Республикасымен көпқырлы стратегиялық серіктестікті дамыту Қазақстан үшін аса маңызды. Мемлекетіміз Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» атты ауқымды бастамасын қолдайды және осы жобаға белсенді түрде қатысуда», - деді Мемлекет басшысы Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесуде.

Сонымен бірге, Президент Орталық Азия өңіріндегі ынтымақтастық жөнінде айтып берді.

«Қазақстан Орталық Азия елдерімен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыта береді. Мысалы, жақын арада Өзбекстанмен бірқатар маңызды жобалар іске асырылды. Күн тәртібіндегі басқа да мәселелер уақтылы шешілмек. Баршамыз бұл өңірдің тұрақты, экономикалық тұрғыда орнықты және қауіпсіз дамуына мүдделіміз. Бірер күннен кейін Ташкентте Орталық Азия елдері консультативтік жұмыс кездесуінің отырысы өтпек. Ертең мен Қырғызстанға мемлекеттік сапармен аттанамын. Келіссөздер барысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар