Президент судьялар корпусын жаңарту жұмысын жандандыруды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев судьялар корпусын жаңарту жұмысын жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот жүйесін жаңарту маңызды мәселе. Қазірдің өзінде біз іc-шаралар, оның ішінде заңнамалық сипаттағы шараларды қабылдадық. Соттарға жаңа кадрлар, құқықтық түрлі саласының, оның ішінде коропоративтік сектор мамандары шақырылуда», - деп атап өтті Мемлекет басшысы еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуі барысында.

ҚР Президентінің атап өтуінше, соның негізінде Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі жаңа сот алқасы жасақталып отыр.

«Меніңше, сот мамандығына мықты корпоративтік заңгерлер мен адвокаттардың, оның ішінде өңірлерге де келуі инвесторлар мен бизнесмендердің мүддесін қорғау сапасын айтарлықтай арттырады. Бүгінде сот жүйесіне жаңа кадрларды қабылдаудың барлық мүмкіндігі бар. Жоғары сот кеңесі мен Жоғарғы сотқа судьялар корпусын жаңарту жұмысын жаңндандыруды өтінемін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар