Президент тапсырмаларын сапалы орындау қоғамға да байланысты – Мұрат Әбенов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуына қоғам белсене қатысуы керек. Бұл туралы қоғам қайраткері Мұрат Әбенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көптеген мәселелер қамтылды. Олар негізінен өткен жылдардағы реформалардың қисынды жалғасы деп түсіндім. Олардың жүзеге асырылуы тек билікке ғана емес, сонымен қатар қоғамға да байланысты», - деді Мұрат Әбенов Президент Жолдауын онлайн режимде өткен талқылау барысында.

Осы орайда ол қоғам саяси реформаларға дайын болуы керектігін атап өтті.

«Егер қоғам дайын болмаса, саяси белсендік тұрғысынан әлсіздік танылса, онда бір орында тұралап қалатынымыз анық. Сондықтан көп қадамдар қоғамның өзіне де байланысты», - деді М. Әбенов.

Айта кетейік, 2020 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.

«Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек. Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білуіміз керек. Алайда, бұл мәселенің шешімін кейінге қалдыруға болмайды. Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар