+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Президент тапсырмасы: Әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғайтын полицейлер саны артты

2021 жылғы 30 наурыз 11:26
Бөлісіңіз:
Президент тапсырмасы: Әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғайтын полицейлер саны артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарының әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің штат санын ұлғайтты. Бұл жайында ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Telegram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Осы жылдың 25 ақпанында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдарының әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің штатын қалпына келтіру және қызметін одан ары күшейту туралы тапсырма берген болатын. Бұл бөлімше ІІМ құрылымында сонау 1999 жылы ашылған еді. Бірақ, кейін оның штат саны, әсіресе, бұл салада құқық бұзушылық барынша жоғары болып отырған өңірлерде екі есеге жуық қысқарған», - дейді Ерлан Қарин.

Президент көмекшісінің атап өтуінше, бұл мәселені Ұлттық кеңес мүшесі, танымал қазақстандық сарапшы Гүлмира Илеуова көтерген.

«2021 жылдың 19 наурызында Ішкі істер министрінің бұйрығымен әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің штат саны ұлғайтылды. Бұл шешім штаттық бірліктерді ішкі бөлу есебінен жүзеге асырылды. Атап айтқанда, әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің штат саны 129-ға ұлғайды. Өз кезегінде, кәмелетке толмағандар ісі және балаларды қорғау бөлімшелерінің саны екі есеге жуық – 448 бірлікке кеңейтілді», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT