Президент тапсырмасы: Нұр-Сұлтан әкімдігі бірыңғай қабылдау күнін өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының билік өкілдері азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елордада азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтеді. 21 қарашада Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшудегі міндеттерді жүзеге асыру аясында ел бойынша »Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні« жалпы республикалық шарасы өтеді. Оның аясында қала әкімі, қала әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері азаматтарды қабылдайды. Қабылдауға алдын ала жазылу 20 қараша сағат 18.30-ға дейін көрсетілген телефондар арқылы жүргізіледі: 55-72-56, 55-64-83, 55-64-82, 55-64-86», - делінген Нұр-Сұлтан әкімдігі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар