Президент тапсырмасы: Семейде жыл соңына дейін 2 мектеп бой көтереді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жыл соңына дейін 2 мектеп салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында 2025 жылдың соңына дейін Қазақстанда 1000 мектеп салуға тапсырма берді. Осыған орай, Семейді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру шеңберінде биыл екі жаңа мектеп ашылады. Степной және Шығыс кенттерінде орын тебетін білім ордалары 300 және 1200 орынға арналған», - деді қала әкімі Бақытжан Байахметов.

Оның айтуынша, алдағы жылдары шаһарда 3000 орындық 3 мектеп салу жоспарланып отыр. Олардың екеуі Қарағайлы ықшам ауданында, біреуі Водный кентінде бой көтереді.

«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үшін мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында 1100 орынға арналған 4 балабақша салынады. Бүгінгі таңда Семейде мектепке дейінгі мекемелерде 2-ден 3 жасқа дейінгі 3 189 бүлдіршін кезекте тұр. Жаңа балабақшалар кезектегілерді толықтай қамтиды», - деді шаһар басшысы.



Соңғы жаңалықтар