Президент тапсырмасы: ШҚО депутаттары барлық ауылдарды аралайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «AMANAT» партиясы филиалы саяси кеңесінің активі өтті. Жиынға аймақ басшысы Даниал Ахметов қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы мүшелері жиын барысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша партия ұйымдарының қызметін жаңғыртуды талқылады.

«Бүгінгі таңдағы басты мәселе - депутаттардың халық үшін ашықтығы. Диалог алаңдарындағы тікелей қарым-қатынас әлеуметтік желілердегі пікірлерге қарағанда әлдеқайда тиімді екенін бәріміз түсінеміз. Бізге бастауыш партия ұйымдарының қызметіне талдау жасап, өңірдің ірі кәсіпорындарында қоғамдық қабылдаулар құру қажет», - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, халық депутаттардың диалогқа ашықтығын және тілектері мен сұрақтарын тыңдауға дайын екенін білуі керек. Сондықтан 15 сәуірге дейін халық қалаулылары барлық елді мекенді аралап шықпақ.

«Бүгінде өңірімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 20 қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Олардың құрамына үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері кіруі тиіс. Жалпы, біз туындаған барлық мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін партиялық ұйымдарға барлық салалардан жас мамандарды тартуға тиіспіз», - деді аймақ басшысы.


Соңғы жаңалықтар