+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Президент Үкіметке салық жүйесін реформалаумен тыңғылықты айналысуды тапсырды

2021 жылғы 10 маусым 18:44
Бөлісіңіз:
Президент Үкіметке салық жүйесін реформалаумен тыңғылықты айналысуды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Салық жүйесінде қарама-қайшылықтар болмауы тиіс. Бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші жалпы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәжіліс депутаты салық жинау деңгейіне пікір білдірді Дербес шоттардағы артық төлемді толығымен алып тастау мүмкін емес - Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №103 қалалық емханаға барды

«Бүкіл алдыңғы қатарлы әлем көміртектік бейтараптыққа ұмтылады. Бұл дұрыс та. Дойче банк, General Electric, Cameco ERG кеңестің өзге де мүшелерінің жасыл қалдықсыз технологияларды енгізу жөніндегі ұсыныстары менің оларды кеңінен қолдану тапсырмаларымен астасып жатыр», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы кеңес мүшесінің Қазақстанда салық жүйесін одан ары реформалауға қатысты ұсынысына назар аударғандығын атап өтті.

«Олар сөйлеп жатқан кезде мен бірден Үкіметке бұл мәселемен тыңғылықты айналысуға тапсырма бердім. Бұл жерде қарама-қайшылықтар болмауы тиіс. Біз салық салудың тұтас жүйесін қалыптастыруға тиіспіз және осы тұрғыда әлемдік тенденциялар мен алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибелерін жіті қадалағап отыруымыз қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT