Президент: Ұрпақ тәрбиесіне баса мән беруіміз керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Реформаларымыздың түпкі межесі – ұлттың сапасын жақсарту. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру туралы үнемі айтып жүрмін. Бұл өте маңызды міндет. Реформаларымыздың түпкі межесі – ұлттың сапасын жақсарту. Себебі, халқы мықты ел ғана қуатты мемлекет құра алады. Ал, ұлтымыздың кемелденуі үшін әрбір азамат өресі биік, парасатты болуға ұмтылуы қажет. Яғни, сана өзгермесе, бәрі бекер. Шын мәнінде, жаңғыру тәрбиеден бастау алады. Сондықтан, біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беруіміз керек. Жастардың бойына ең ізгі қасиеттерді сіңіре білген абзал. Бұл имандылық пен адамгершілік, отаншылдық пен ұлтжандылық, білімге құштарлық пен еңбекқорлық, ұқыптылықпен тиянақтылық», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті жақында дінтанушы Қайрат Жолдыбайдың «Кемел адам» деген кітабын оқып шыққанын атап өтті.

«Жастарға өнегелі тәлім-тәрбие беретін мұндай еңбектер елге қажет. Осындай кітаптарды кеңінен таратуымыз керек. Бізде ұшқыр ойлы жастар аз емес. Билік оларды қолдау керек. Оларға жан-жақты жағдай жасауымыз керек. Жалпы азаматтарымыздың ағартушылық жұмыспен көбірек айналысқаны жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар