+7 (701) 759 90 19
USD 414.77 EUR 506.81
RUB 5.64 CNY 64.32
Jańalyqtar

Президент зейнетақы жүйесін ары қарай дамыту жайында айтты

2021 жылғы 15 қаңтар 13:22
Бөлісіңіз:
Президент зейнетақы жүйесін ары қарай дамыту жайында айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнатақы жүйесін ары қарай дамыту жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда ең жоғары зейнетақы 500 мың теңгеден асады Қазақстанда ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны көтеру жоспарланған Қазақстанда зейнеткерлікке шығу жасы төмендей ме

«Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі бағыттарының бірі – отандық зейнетақы жүйесі. Аталған жүйенің әділетті, тұрақты, халықтың мүддесіне сай құрылуы қажет. Біз өте маңызды, бірегей реформаны іске қостық, яғни зейнетақы активтерін ішінара алу мүмкіндігі берілді», - деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы түрлі тетіктер арқылы азаматтарға өздерінің жинақтарын басқару мүмкіндігін ұсыну керектігін айтты.

«Үкімет пен Ұлттық банк зейнетақы жүйесін ары қарай дамыту тұжырымдамасын даярлап жатыр. Оны іске асыру сапалы заңнамалық қамтамасыз етуді қажет етеді. Жалпы, әлеуметтік саясатты жетілдіру бойынша Парламенттің жаңа мүшелерінен белсенді жұмысты күтемін», - деді Президент.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT