+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Президент Жарлығымен 10 ұлттық жоба бекітілді

2021 жылғы 13 қазан 16:50
Бөлісіңіз:
Президент Жарлығымен 10 ұлттық жоба бекітілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Жезқазғандағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа барды Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы КК төрағасын ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы

2021 жылғы 13 қазан

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған ұлттық жобалар тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы Жарлықтың 1-тармағында көрсетілген ұлттық жобаларды бекітсін;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 7 қазан

№ 670

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2021 жылғы 7 қазандағы

№ 670 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

Ұлттық жобалар тізбесі

1. «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы.

2. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы.

3. «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы.

4. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы.

5. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба.

6. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы.

7. «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы.

8. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы.

9. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба.

10. «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT