Президент: Жайылымдар ең алдымен ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жайылымдар мәселесіне арнайы тоқталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың Twitter парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жайылым мәселесіне арнайы тоқталғым келеді. Бұл жерлер, ең алдымен, ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. Жергілікті әкімдіктер жұмысты дұрыс ұйымдастырмай отыр. Соның салдарынан, ауыл тұрғындары мал жаятын жайылым таппай қиналуда», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысының айтуына қарағанда, жайылымның 99 пайызы шаруа қожалықтарының иелігінде.

«Алайда, оның 36 пайызында ғана мал жайылады. Қалған 46 миллион гектар жайылымдық жер бос жатыр. Үкіметке Бас прокуратурамен бірлесіп, биылғы жылдың соңына дейін осындай жайылымдарды қайтарып алуды тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар