Президент Жолдауы: Қай бастамалар көпшіліктің көкейіне қонды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауынан халықтың қаншалықты хабардар екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығына сілтемемен.

«Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының жоба директоры, әлеуметтану магистрі Башарина Татьяна келтірген дерек бойынша, сауалнама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауы туралы тұрғындардың жеткілікті деңгейде хабардар екенін көрсеткен.

Әр үшінші респондент Мемлекет басшысының сөйлеген сөзін БАҚ-тан оқыған немесе тыңдаған. Респонденттердің тағы 54,4%-ы Жолдау туралы естіген, бірақ оның мазмұнымен толық таныс емес. Жалпы алғанда, респонденттердің 84,4%-ы 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы жарияланғандығы туралы қандай да бір ақпарат алған. Сауалнама 15-25 қазан аралығында 14 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қалада, 18 жастан асқан 1600 респондентті қамту арқылы жүргізілді.

Респонденттердің 43,7%-ы Жолдауда оларды мазалайтын мәселелер айтылғанын атап өтті. Респонденттердің бұл санаты Жолдауды оң бағалады.

«Қазақстан халқына Жолдаудан қандай мәселе көп есте қалды?» деген сұраққа жауаптарынан Президенттің халықтың әл-ауқатын сақтау және жақсарту, халықтың жұмыспен қамтылуы мен кірістерін сақтау жөніндегі міндеттердің басымдығы туралы бастамалары қазақстандықтар арасында ең үлкен қолдау тапқаны байқалды. Пандемия жағдайында қазақстандықтар экономикалық даму шараларын кеңінен қолдады.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан не көбірек есіңізде қалды?» деген сұраққа респонденттердің жауаптарының бөлінісі*

Халықты әлеуметтік қолдау

(жаңа жұмыс орындары, азық-түлікке бағаны сақтау, халықтың әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау және т.б.)

36,0%

Экономика дамыту және экономикалық реформалар

(ШОБ қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту, дағдарысқа қарсы шаралар, жасыл экономика және т.б.)

29,2%

Денсаулық сақтау жүйесін дамыту

(коронавируспен күресу, медицина қызметкерлерін лайықты жалақымен қамтамасыз ету, жаңа ауруханалар салу және т.б.)

26,2%

Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау

(әділетті мемлекет азаматтардың қорғанышы, сыбайлас жемқорлықпен күрес, мемлекеттік басқарудың жаңа моделі, цифрландыру және т.б.)

25,8%

Саяси реформалар және ұлттың жаңа сапасы

(әкімдерді сайлау, зорлық-зомбылыққа, педофилияға қатысты заңдарды қатаңдату және т.б.)

24,0%

Тұрғын үй мәселелерін шешу

(зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігі және т.б.)

23,2%

Білім сапасын арттыру және қол жетімділікті қамтамасыз ету

(қашықтықтан білім беруді дамыту және қол жетімділігін қамтамасыз ету)

23,0%


Осылайша, Мемлекет басшысының Жолдауы Қазақстан халқы тарапынан қолдау тапты және қоғам оның жүзеге асыру мен орындалуына үлкен үміт артып отыр.


Соңғы жаңалықтар